Ресейде жалған сиыр қорада криптовалюта өндіріп келгендер ұсталды

Құрылғылардан қатты дыбыс шығатынын ескеріп, олар тіпті сиырдың мөңірегенін қосып қойған.

Ресейде жалған сиыр қорада криптовалюта өндіріп келгендер ұсталды
сурет: v1.ru

Ресейдің Волгоград облысында 3 майнинг фермасы анықталды. Полицейлер ауыл шаруашылығы кәсіпорнындағы майнинг құрылғыларын анықтаған, бұл туралы volg.mk.ru хабарлады.  

Олар бұл қадамға электр энергиясына көп ақша төлемеу үшін барған. Құрылғылардан қатты дыбыс шығатынын ескеріп, олар тіпті сиырдың мөңірегенін қосып қойған. Алайда, тәртіп сақшылары оларды бәрібір анықтады.

Әзірге белгілі мәліметтер бойынша, криптовалюта өндірушілерден келген залал 3 миллион рубльге бағаланады. Қазір құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Заң бұзғандарға айыппұл ғана емес, бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.