Атырауда террористік акті жасалатыны туралы хабарлама таратқан 9-сынып оқушысы болып шықты

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

Атырауда террористік акті жасалатыны туралы хабарлама таратқан 9-сынып оқушысы болып шықты
polisia.kz
753

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінде оқитын  9-сынып оқушысын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.

Қазір оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Серіктес жаңалықтары