Квентин Тарантиноның соңғы фильмі неліктен түсірілмейтін болды?

Квентин Тарантиноның оныншы және соңғы жобасының түсірілімі осы күзде басталатыны туралы жаңалық тарағанына қарамастан, "Киносыншы" фильмінің түсірілім жұмысы тоқтатылды.

Квентин Тарантиноның соңғы фильмі неліктен түсірілмейтін болды?
Сурет: Vianney Le Caer/Invision/AP - IMDB

Квентин Тарантино "Киносыншы" фильмін түсірмейтін болды, бұған дейін ол бұл фильм оның режиссер ретіндегі соңғы фильмі болатынын айтқан еді. Бұл туралы euronews.com жазды. 

Квентин Тарантиноның оныншы және соңғы жобасының түсірілімі осы күзде басталатыны туралы жаңалық тарағанына қарамастан, "Киносыншы" фильмінің түсірілім жұмысы тоқтатылды.

Deadline мәліметтері бойынша, Тарантино сценарийді жаза бастаған, бұл өндірістің басталуын кейінге қалдырды. Бірақ режиссер өз ойын өзгертті және "Киносыншы" оның 10-шы және соңғы фильмі болмайды деген шешім қабылдаған.