Ауыл шаруашылығы жерлерін ластанудан сақтау маңызды

он­ференцияға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркия, Әзер­байжан, Ресей, ЕО елдерінің сарапшылары, ФАО халықаралық кеңес­шілері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Онда Ор­талық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ла­с­танған ауылшаруашылық топырағының био және фи­торе­медиациялық технологиялары мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін ластанудан сақтау маңызды
сурет: turkystan.kz

Осы аптада, 15-18 сәуір күндері, Алматыда Орталық Азия ел­де­ріндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ластану пробле­ма­ларын шешуге арналған халықаралық конференция өтті. Кон­ференцияға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркия, Әзер­байжан, Ресей, ЕО елдерінің сарапшылары, ФАО халықаралық кеңес­шілері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Онда Ор­талық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ла­с­танған ауылшаруашылық топырағының био және фи­торе­медиациялық технологиялары мәселелері жан-жақты талқыланды.

Орталық Азия елдерінде, сондай-ақ әлем­­нің өзге де елдерінде егінді арам­шөп­терден тазарту үшін пестицидтерді қол­да­на­тыны белгілі. Ал пестицидтер дегеніміз өсім­дік зиянкестері мен қоздырғыштарын, сон­дай-ақ әртүрлі паразиттерді, астық және ас­тық өнімдерінің зиянкестерін, ағашты, мақ­тадан, жүннен, теріден жасалған бұйым­дар­ды, үй жануарларының эктопаразит­те­рін, адам мен жануарлардың қауіпті ауру­ла­рын тасымалдаушыларды жою үшін қол­данылатын улы заттар екені белгілі. Пес­тицидтерге арамшөптерді жоятын гер­бицидтер, жәндіктер зиянкестерін жоятын ин­сектицидтер, патогендік саңырауқұлақ­тар­ды жоятын фунгицидтер және зиянды жы­лы қанды жануарларды жоятын зоо­цид­тер және т.б. жатады. Бұлардың қай қайсысы да ауыл шаруашылығы жерлеріне белгілі бір дәрежеде зиянын тигізбей тұрмайды.
Сондықтан Алматыда өткен конферен­ция­да осы мәселе көтеріліп: ескірген пес­ти­цид­термен, тұрақты органикалық ластау­шы­лармен (ТОЛ) байланысты пробле­ма­лар­дың шешімін табу бойынша бірлескен күш-жігерді арттыру, қолжетімді техно­ло­гияларды пайдалана отырып, зиянкестермен күресуге (IPM) кешенді және экологиялық таза шешімдерді пайдалану, Қазақстандағы және басқа да Орталық Азия елдеріндегі фер­мерлердің пестицидтерді пайдалануды азайту мәселелерін көрсетті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік жә­не ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Жаһан­дық экологиялық қор (GEF) және Эко­логия және табиғи ресурстар министр­лігі «Орталық Азия елдері мен Түркиядағы ТОЛ пестицидтерді жою және пестицид­тер­дің өмірлік циклін басқару» бірлескен жо­басы аясында ұйымдастырылған бұл кон­ференцияғы түрлі елдердің сарап­шы­лары, ФАО халықаралық кеңесшілері, ғы­лы­ми-зерттеу институттарының ғалым­дары, тиісті мемлекеттік органдардың және аза­маттық қоғамдастықтың өкілдері қатыс­қан бұл конференцияда Қазақстан, Әзер­бай­жан, Түркия, Қырғыз Республикасы, Че­хия, т.б. елдерден келген эколог ғалымдар­дың баяндамалары тыңдалды.
Форум аясында сарапшылар аймақтағы ФАО жобаларының нәтижелерімен, лас­тан­ған ауыл шаруашылығы топырақтарын қал­­­пына келтіру және қауіпсіз өндіріске кө­шудің заманауи тәсілдерімен, сондай-ақ пестицидтердің қоршаған ортаға және адам ден­саулығына кері әсерін азайту мақса­тын­да ауыл шаруашылығында цифрлық тех­но­ло­гиялар мен жасанды интеллектті қолдану тәжірибесімен танысты.
Конференцияның күн тәртібінде ай­мақ­тағы ауылшаруашылық топырақтарын қалпына келтіру шешімдерін ілгерілететін Орталық Азия елдерінің жұмыс тобын құру, сондай-ақ био-/фиторемедиация және басқа да экологиялық таза шешімдерді одан әрі дамыту және кеңейту бойынша ұсы­ныс­тар әзірлеу мәселесі бар. 
Айта кетерлік бір жайт, Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жыл­дың қаңтарында Римде ФАО бас директоры Цю Донгюмен кездесуінде Қазақстанда Ор­талық Азия үшін ФАО-ның субөңірлік кең­сесін құруды ұсынған болатын. Қ.Тоқаев жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз етудің және агроөнеркәсіптік кешеннің тұ­рақты дамуына жәрдем көрсетудің маңыз­дылығын атап өтіп, Респуб­ли­ка­мыз­дың астық пен ұн өндірушілердің алғашқы он­дығына кіретіндіктен, бұл мәселені ше­шуге өз үлесін қосуға ниетті екенін мәлім­де­ген еді.
Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерінде көптеген ауылшаруашылық ай­­мағының топырағы ТОЛ және пес­ти­цид­тер­мен ластанған, бұл экологиялық және эко­номикалық қауіптерді тудырады, со­нымен қатар ЕО нарықтарына азық-түлік экс­портын кеңейтуге кедергі келтіруде. ФАО қол­дауымен Қырғыз Республикасы мен Қа­зақстанда ТОЛ және ауыр металдармен лас­танған топырақтарды биоремедиация жә­не фиторемедиациялау бойынша сы­нақ­тар жүргізіліп, жақсы нәтиже көрсетті. Кон­ференцияға қатысушылар ФАО ұсы­ным­дарын қолдану барысында алынған нәти­жемен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен бірге, 15-18 сәуір күндері ара­лы­ғында конференция делегаттары ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша қо­сымша іс-шараларға қатысып, пести­цид­тер­дің өмірлік циклін басқару бойынша ФАО-ГЭФ жобасының нәтижелерін тал­қы­ла­ды және Қазақстанда ФАО-мен бірлесіп жү­зеге асырылып жатқан пилоттық нысан­дарды аралады.
17 сәуірде қатысушылар «Жеміс» шаруа қо­­­­жалығының (Алматы облысы, Еңбекшіқа­зақ ауданы, Бәйдібек би кентінде) алма бақ­тарын аралап, онда ФАО ұсынған эко­ло­гия­лық таза кешенді өсімдіктерді қорғау әдіс­те­месін қолдану арқылы зиянкестермен күресу шараларының нәтижелерімен та­ныс­ты. 
2023 жылы басталған тәжірибе пести­цид­терді минималды қолдануға және ба­лама химиялық емес әдістерге негізделген. Осы­ған орай конференция қонақтарына дрон қолдану арқылы егістіктерге бүрку про­цесі көрсетілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік жә­не ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бірік­кен Ұлттар Ұйымының маман­дан­ды­рыл­ған мекемесі болып табылады, ол мүше ел­дер тап болған ауыл шаруашылығын да­мы­тудың жаһандық мәселелерін шешу, сон­дай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мен ха­лық­тың жоғары сапалы азық-түлікке қол­жетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған. ФАО-ға 194-тен астам ел мүше және ол ұйым әлемнің 130-дан астам елінде жұмыс іс­тей­ді. Қазақстан мен ФАО арасындағы се­рік­тестік Қазақстан ФАО-ға 1997 жылы қо­сылғаннан бері дамып келеді.

«Түркістан-ақпарат»