«Әкеміз де, шешеміз де Мадинаш болатын»: Мадина Ералиеваның сіңлісі жан тебірентерлік жазба жариялады

/
«Әкеміз де, шешеміз де Мадинаш болатын»: Мадина Ералиеваның сіңлісі жан тебірентерлік жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира Ералиева әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, өткен күннен естелігімен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында Мадинаның Франциядан гастрольдік сапардан оралған сәтін еске алған.

«Естелік сурет. Мадинаш Франциядан гастрольдік сапардан келген күн болатын. Арсен екеуміз мамасының бізге әкелген әдемі сыйлығынан бұрын, аман-есен үйге жеткеніне қатты қуанған күніміз. Екеуміздің әкеміз де, шешеміз де, бар байлығымыз Мадинаш болатын», – деп жазды Сағира Ералиева.

Желі қолданушылары жазба астына жылы пікірлер қалдырып, естелікке қатысты өз әсерлерін білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары