Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлікті құрастырды

/
Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлікті құрастырды
Обл. әкімдіктің баспасөз қызметі

Қостанайда студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлік - болидті құрастырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында студенттер құрастырған алғашқы жарыс болид салтанатты түрде таныстырылды.

Жоба университет жанындағы Озық машина жасау орталығында жүзеге асырылған.

"Болидтің басты ерекшелігі – оның әрбір бөлшегі студенттердің өз қолымен нөлден бастап жасалған. Жас инженерлер идеяны әзірлеуден бастап, техникалық есептеулер жүргізу, жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу кезеңдерінің барлығын дербес орындаған", - деп жазылған хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл – жай ғана оқу үдерісінің бөлігі емес, толыққанды инженерлік жоба. Мұндай деңгейде әзірленген студенттік жарыс көліктері елімізде сирек кездеседі және отандық техникалық білім берудің әлеуетін көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары