Адамның орнына жұмыс істейтін "цифрлық егіздер" қолданысқа ене бастады

Клон Zoom-дағы кездесулерге қатысады, әлеуметтік желілерді жүргізеді және хаттарға жауап береді.

Адамның орнына жұмыс істейтін "цифрлық егіздер" қолданысқа ене бастады
көрнекі сурет: dev.ua

Адамдар өзінің орнына жұмыс істейтін "цифрлық егіздерін" жасатып жатыр. Бұл туралы The Times жазды.

"Kлондауға" байланысты қызмет көрсететін жобалар адамның әлеуметтік желілердегі фотосуреттері, видеолары мен компьютеріндегі файлдарға сүйене отырып, сол адамның цифрлық егізін жасап шығарады.

Клон Zoom-дағы кездесулерге қатысады, әлеуметтік желілерді жүргізеді және хаттарға жауап береді.

Жапониядағы бір фирма қазірдің өзінде 100-ден астам қызметкерін клондаған, енді олар ақылы демалысқа кетеді және олар үшін "цифрлық егіздері" жұмыс істейтін болады.