663
DDoS шабуыл туралы ескерткен: Қытайда мысық IT маманын хакерлерден құтқарып қалды
Мысықтың ескертуі 5 000 доллар үнемдеуге мүмкіндік берген.
Қытайда мысық қожайынына хакерлердің DDoS шабуыл жасайтынын ескертіп, стартап сайтты сақтап қалуға көмектескен. Бұл туралы dannyguo.com жергілікті сайты жазды.
Дэнни Гуо есімді қытайлық IT маманын түн ішінде кенеттен мысығы оята бастаған, сөйтіп орнынан тұрғанша маза бермеген. Оянған кезде ол стартап сайтында ақау пайда болып, құлап жатқанын көреді.
Дэнни дереу қорғауға көшеді, оның айтуынша, мысығы оны хакерлерден қорғап, 5 000 доллар үнемдеуге мүмкіндік берген.