Археологтар Грекиядан 1 800 жылдық тарихы бар мәрмәр мүсін тапты

Біздің дәуірімізге дейінгі 2-3 ғасырларға жататын бұл бас грек музыкасы мен садақ ату құдайы Аполлонның бұйра шашты, лавр жапырағынан жасалған тәж киген жас кезін бейнелейді.

Археологтар Грекиядан 1 800 жылдық тарихы бар мәрмәр мүсін тапты
сурет: euronews.com

Салоникидегі Аристотель Университетінің археологтары жақында Грекияның солтүстік-батысындағы ежелгі Филиппи қаласынан грек құдайы Аполлонның мәрмәр басын тапты. Мүсін өте жақсы сақталған, деп жазады euronews.com.

Біздің дәуірімізге дейінгі 2-3 ғасырларға жататын бұл бас грек музыкасы мен садақ ату құдайы Аполлонның бұйра шашты, лавр жапырағынан жасалған тәж киген жас кезін бейнелейді.

Аполлон мүсіні орта ғасырда қайта өңделген сияқты, қала алаңындағы субұрқақты безендіруге қолоданылуы да мүмкін. Сондай-ақ мператор Лео VI бейнеленген монетаның табылуы бұл аймаққа 8-9 ғасырлардан бері халық қоныстанғанын көрсетеді.

Бір қызығы, былтыр осы жерге жақын маңнан Геркулестің мүсіні де табылған.