Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды

Ол спорттық мансабында 60 және 64 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасты

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды
Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резерві

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне директор болып тағайындалды, деп жазады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серіков Роллан Серікұлы, мекеме қызметкерлерін төраға бұйрығымен таныстырып, Ақшалов Мерей Төлегенұлы осы лауазымға тағайындалғанын мәлімдеді.