1042
Алматы әуежайында жалған төлқұжат ұсынған шетел азаматы ұсталды
Шетелдік азамат депортацияланды.
Алматы әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері жалған төлқұжат ұсынған шетелдікті ұстап, бірден елден депортациялады, деп хабарлады turkystan.kz.
4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.
«Оны жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды»,-делінген хабарламада..
Нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.