Елордадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде.

Елордадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
gizmodo.uol.com.br
1655

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатқан өңірлерге Астанадан 14 гуманитарлық көмек газелі жіберілді. Елорда тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары және т.б. жинады. Қазіргі таңда елордада 9 қойма жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер қатысты.

Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде.

Ақтөбеге 31 наурызда Түркістан облысынан гуманитарлық көмек келді. Ол сол аймақтағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға таратылды.

Волонтерлер, қоғамдық белсенділер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Атырау облысының тұрғындары да шетте қалмады. Үш күн ішінде «Күш бірлікте» акциясы аясында олар Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 8 тонна гуманитарлық көмек жинады.

 

Серіктес жаңалықтары