Биыл мектептерде оқу жылы қашан аяқталады?

25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Биыл мектептерде оқу жылы қашан аяқталады?
Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздегі мектептерінде төртінші тоқсан басталды. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқу жылы қашан аяқталатынын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде мектептерде төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сонымен бірге 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Айта кетейік, бүгін елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау тамыздың 31-іне дейін жалғасады.