Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды

Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды
Polisia.kz
1052

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Polisia.kz мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер – "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.

Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

«Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Серіктес жаңалықтары