Майами турнирінің финалында жеңілген Рыбакинаға жарты миллион доллар беріледі

Ал жарыс жеңімпазы одан екі есе көп алады

Майами турнирінің финалында жеңілген Рыбакинаға жарты миллион доллар беріледі
WTA
802

WTA 1000 - Miami Open турнирінің финалына жетіп, ақтық сында америкалық теннисші Даниэль Коллинзден жеңіліп қалған Елена Рыбакина ірі көлемде ақшалай жүлде алады, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 24 жастағы қазақстандық теннисшіге 585 мың АҚШ доллары (261,26 млн теңге) беріледі. Ал жарыс жеңімпазы болған Коллинз 1,1 миллион долларға байи түспек.

Айта кетейік, финалдық кездесуде Даниэль Коллинз Елена Рыбакинаны екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Америкалық теннишсі WTA рейтингінде 53-орында тұрса, Рыбакина төртінші сатыда.

Серіктес жаңалықтары