1193
Қарағанды облысында атыс болып, бір адам жарақат алды
Бұл қылмыстық істі тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екені белгілі болды
Қарағанды облысының Шет ауданы Ағадыр кентінде атыс болып, бір адам жарақат алды. Атыс сәті түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қолына қару ұстаған ер адамдар көрінеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Оқиға салдарынан ер адам медициналық мекемеге аяғынан оқ жарақатымен түсті.
Бұл қылмыстық істі тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екені белгілі болды.