Тасқын судан төнген қауіп

Көктем келіп, күннің жылынуын, табиғаттың жаңаруын қыстан қажыған жамағат асыға күтеді.  Алайда  жылғалардан су ақса, қай өзен тасиды екен деп берекесі қашатын жұртты осы күні қуаныштан гөрі үрей билейтін болды. Қар жылдағыдан қалың түскендіктен, биылғы көктем елді біраз әбігерге салатын сияқты. Мамандардың айтуынша, республиканың алты облысын су басу қаупі  бар. Осыған орай 918 елді мекен, 1,5 мың шақырымнан астам авто және теміржол тәуекел аймағына енгізілген. Демек, төтеншеліктердің босаңсуға қақы жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алуға келгенде осалдық танытып, жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қатерге тігетін ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті биылғы көктемді тасқынсыз өткізе ала ма?

Жуырда көктемгі су тасқынына дайындық барысын талқылау үшін бас қосқан Үкімет мүшелері Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты ортаға алды. Ведомство басшысының айтуынша, еліміздің алты облысында су тасу қаупі бар. Атап айтқанда, қар қалың жауған Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 918 елді мекен судың астында қалуы мүмкін. Тасқын қаупіне байланысты 1,5 мың шақырымнан астам авто және темір жол тәуекел аймағына енгізілген.

Министрдің сөзінше, төтеншеліктер су тасқынының алдын алу шараларына ерте бастан кіріскен. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін 6,2 миллион текше метр қар шығарылған. 8 мың тонна жанар-жағар май, 180 мың тонна инертті материалдар, 829 мың қап және 10 тонна жарылғыш заттар қоры жасақталып. жергілікті әкімдіктер бюджеттерінде төтенше жағдайлардың алдын алуға 20 миллиард теңге қарастырылған.

Сақтық шараларына жауапты тағы бір құзыретті мекеме – Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер де қол қусырып отырмағандарын жеткізді. Вице-министр Қайрат Айтуғановтың айтуынша, «Қазсушар» РМК есебінде 2177 гидротехникалық қондырғы бар. Оның 78-ін су қоймалары, 83-ін су тораптары, 26-сын бөгендер, 1990-ын басқа құрылғылар құрайды. Олардағы су пайдалану режімдерін реттеу мақсатында тиісті мамандардан құралған комиссия жұмыс істеуде.

Қ.Айтуғановтың сөзінше, Шардара, Киров, Бұқтырма секілді Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан ірі су қоймалары қазіргі күні өз деңгейінің 75-80 пайызында суға толып тұр. Егер су көлемі көбейе беретін болса, су бірте-бірте босатылмақ.

Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекциялары жергілікті төтенше жағдайлар органдарымен бірлесе отырып, 766 гидротехникалық қондырғының жағдайына арнайы зерттеулер жүргізген. Енді қалған 275 осындай қондырғы сәуір айында тексеруден өтетін болады. Тексеруден өткен қондырғылардың 27-сінің жағдайы қанағаттанғысыз деп танылған. Осы мәселе бойынша қосымша хабарлама жасаған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көктемгі су тасқынының жағдайы қалай болатындығы туралы алдын ала зерттеу жасалғанын, нәтижесінде судың келуі былтырғы жылғыға қарағанда едәуір жоғары болатыны анықталғанын айтып өтті. Министрлерді тыңдап, көктемнің әбігері аз болмайтынына көзі жеткен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қолды мезгілінен кеш сермемеу үшін сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.

        Жайықтықтардың  жанталасы

Батыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшылығы таратқан мәліметке қарағанда, биыл Ақжайық атырабында қар былтырғыға қарағанда 70 пайызға мол көрінеді. Жақында осы жағдайға қатысты тиісті сала мамандарын жинап, арнайы жиын өткізген облыс әкімі Алтай Көлгінов тасқынға тосқауыл болу мәселесі әбден қауіп сейілгенше күн тәртібінен түспеуі шарт екендігін шегелеп айтты.

Жергілікті мамандар су тасқынына қатысты Орал өңірімен көршілес Ресейдің Орынбор, Саратов облыстарындағы әріптестерімен жиі-жиі ақпарат алмасып отырады екен. Күні бүгінге дейін елді мекендер аумағынан көлемі 600 мың текше метр қар аулаққа шығарылған. Егер жағдай күрделенсе, 76 құрылым, 1946 адам, 548 техника, 27 жүзу құралы, 125 мотопомпа тасқынға тосқын мақсатына жұмылдырылмақ. Арнайы бес ұтқыр топ жасақталған. Қажет бола қалса, облыстың төтенше резервінен 546,6 млн теңге қарастырулы. Сонымен қатар, нөпір судың жолына бөгет болар құм, қапшық және де өзге керекті заттардың қоры дайын. Күн райы мүмкіндік берсе, наурыз айының екінші онкүндігінен бастап судың шығар жолы ретінде салынған арық-құбырлар тазалана бастайды. Ел-жұртқа қауіп-қатерді дереу хабарлау жүйесіне қатысты мамандар да қамсыз емес. Мәселен, ұялы телефон жүйесі арқылы да суыт хабар жедел жолданбақ.

Наурыз айының үшінші онкүндігінен бастап, коммуналдық меншіктегі су қоймаларына тәуліктік қадағалау жүргізіледі. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, тасқын қаупі бар аудандар мен облыс орталығында 3500 адамға арналған 25 эвакуациялық қосын күн ілгері әзірленген. Оныншы наурыздан бастап, тасқынға тосқын болуы тиіс мекемелер мен олардың құрал-жабдық әлеуеті және бір мәрте пысықталып, толық әзірлік деңгейіне келтірілмек.

Солтүстік тасқын салдарын ұмытқан жоқ

«Қазгидрометтің» дерегі бойынша, наурыздың үшінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысында жылы циклонның ықпалымен ауа температурасы +8 градусқа дейін жылынады. Биылғы жылы жекелеген аудандарда қар қалың түсіп, мұз қалыңдығы нормадан екі-үш есеге артқанын ескерсек, тасқын қаупі күшейіп тұр.

«2016 жылғы су тасқынының салдарын ұмытпаған жөн. Еріген қар ешқайда ағып кетпеген. Оған М.Жұмабаев ауданы, Булаево қаласының орталығындағы көл дәлел бола алады. Ол қазірге дейін толып тұр. Оның жан-жағынан бөгет салынды. Алайда тасқынның қаупі сейілмеді. Еріген қар суы тұрғын үйлерді шайып кетуі мүмкін. Су тасқыны қаупі бар белдеуде 20 үй орналасқан», – дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Ержанов.

Мамандардың айтуынша, осындай күрделі жағдай өңірдегі Камышлов сайында да орын алуы мүмкін. Өйткені Таранкөл көлінің суы осы сайға қарай ағады. Сайдың маңайында бірнеше елді мекен орналасқан. Су тасқыны болған жағдайда теміржол мен республикалық маңызы бар «Петропавл-Астана» тасжолы зардап шегуі мүмкін.

Жергілікті төтеншеліктер көктемгі су тасқынына дайын екендіктеріне сендіріп отыр. Өткен жылдың жаз мезгілінен бері тасқын қаупі жоғары учаскелерге талдау жасалып, су астында қалуы ықтимал 95 елді мекен анықталған. Ол аймақтарда қажетті инженерлік жұмыстар жүргізіліпті. Елді мекендердегі тау боп үйілген қар шығарылған. Эвакуациялық комиссия құрылып, апта сайын өңір басшысының алдында аудан әкімдері жасалған жұмыстар туралы есеп беруде.

Асхат Ержановтың айтуынша, өңірдегі барлық елді мекендердегі жағдайлар спутник арқылы ғарыштық бақылауға алынған. «Біз су тасқыны салдарынан зардап шегуі мүмкін ең қауіпті елді мекенді анықтадық. Бізде спутник арқылы өңіріміздің барлық аумағын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін ғарыштық бақылау бар. Ғарыштық бақылаудың көмегімен қай аумақта судың көп жиналып қалғандығын анықтап, сәйкесінше әрекет етуге мүмкіндік бар», – деп атап өтті Асхат Ержанов.

Ақтөбенің әзірлігі қалай?

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынына қарсы әзірлік басты назарда болуы керетігін үнемі ескертіп келеді. Өңірде ауа райы қалай құбылса да, төтенше жағдай орын алмауы тиіс. Қазір облыстың барлық аймағында су тасқынына қарсы комиссия жұмыс жасауда. Мамандар қардың еріп, өзендердің тасуы көп жағдайда 22 наурыздан кейін басталатынын айтады. Сондықтан төтенше жағдайларға қарсы құрылымдық күштер осы кезде сақтық шараларын күшейтеді.

Биыл аймаққа қар жылдағыдай мөлшерде түскен. Сондықтан мамандар дәл қазіргі күні аймақта су тасу қаупі байқалмайтынын айтады.Қазір Ақтөбе су қоймасының 69 пайызына су жиналған. Су қоймасының жобалық мөлшердегі сыйымдылығы – 245 миллион текше метр. Қарғалы су қоймасы да тасқын суды қабылдауға сақадай сай тұр. «Қазсушар» Ақтөбе филиалының басшысы Бекзат Наметовтің айтуынша, бұл су қоймасына 280 миллион текше метр су сыяды. Бүгінгі күні мұнда 160 миллион текше метр су жиналған.

– Былтыр Сазды су қоймасына күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде 7,5 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік туды. Қазір мұнда жиналған судың көлемі — 2,1 миллион текше метр немесе 28 пайыз. Сондықтан дәл қазіргі күні аймақта су тасу қаупі байқалмайды, – дейді Б.Наметов.

Алайда қауіп жоқ деп қол қусырып отыруға болмайтынын, апат айтып келмейтінін білетін ақтөбеліктер сақтық шараларына қамдануда. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жаңабай Бексарының төрағалығымен аймақта су тасқынына қарсы облыстық комиссия құрылған. Қазір облыстық, аудандық деңгейде құрылған комиссиялар жан-жақты жұмыстар жүргізуде,

Су тасқынына қарсы жүргізілетін жұмыстардың ең бастысы — қар шығару. Бүгінгі күні 500 мың текше метр қар шығарылған.

Аймақта су басу қаупі бар учаскелер де анықталды. Қазір олардың саны — 38 елді мекен. Онда 13 мыңға жуық адам тұрады. Елді мекендер су астында қалса, тұрғындарды уақытша орналастыратын орындар да қарастырылған. Облыс бойынша сыйымдылығы 14 мың адамға арналған 87 уақытша орналастыру орны әзірленді. Су тасқынына қарсы шаралар үшін облыста 18 тонна инертті материалдар, 34 мың құм толтырылған қап, 23 тонна жанар-жағармай дайын тұр. Қажетті медициналық дәрі-дәрмек пен азық-түліктер де дайын. Сондай-ақ, жергілікті төтеншеліктер 440 техниканы сақадай сайлап қойыпты.

Жамбыл мен Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысындағы төтеншеліктер де дайындық барысын баяндап, тасқынға тосқауыл бола алатындарына сендірді. Десе де, шенділерге сенеміз деп қызыл судың астында қалған жұрт сөзге иланудан қалған. Қызылағаш пен Көкпектідегі апаттың, Наурызбайдағы тасқынның алдын ала алмаған төтеншеліктердің енді қателесуге қақы жоқ.

Өткеннен сабақ алдық па?

Түрлi табиғи, техногендiк апаттарға сан қилы сылтау айтып, желеулердi қаптататын, сөйтiп қарақан бастарын ақтап, арашалап алуға әбден дағдыланған шенеунiктерді елдің сенімінен айырған ең ауыр апат – Қызылағаштағы тасқын. Қаралы бейсенбi – 2010 жылы наурыздың 11-мен 12-не қараған қараңғы түнде мұз құрсаған бөгеттi тосыннан бұзған Ақсудың суы шырт ұйқыда жатқан ауылдың астан-кестеңін шығарды. 45 адамның ажал құшып, қас пен көзің арасында жүздеген жанның үй-жайдан айырылып, бақытсыздыққа ұрынуына жол берілгенін жұрт кешіре алмады. Бiр күнде қалың ел қара жамылды. Кең-байтақ Қазақстанның хабар-ошар алу аса қиын қиян түкпiрi емес, қатынас күндiз-түнi үзiлмейтiн күре жолдың үстi, адамдар жиi қоныстанған әрi жете дамыған орталық өңiрде – Талдықорған қаласынан небары 55 шақырым қашықтықтағы тұтас ауылдың бiр сәтте қызыл судың астында қалуына қоғам бұрынғыша бейжай, енжар қарай алған жоқ. Өйткені бұған дейін елімізде дәл Қызылағаш апатымен теңдесер ауыр апат болып көрмеген.

Шағын бөгеттiң бұзылуы қалайша үлкен қайғы-қасiрет әкелiп, сансыз адамды өлiмге душар еткенiн жұрт көпке дейін түсіне алмады. Қызылағаш су қоймасының жалпы ұзындығы 250 метр, енi – 12 метр, тереңдiгi 46,5 метр болатын және небары 42 млн текше метр су ғана жиналатын. Оның үстіне, ауылдың дәл iргесiнде дейтiндей емес, Қызылағаштан 10 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан. Яғни, төнген қауiптiң алдын алуға толық мүмкiндiк болды. Тергеу деректерінен төтенше жағдайды болдырмуға уақыттың да жеткiлiктi болғанына көзіміз жетті. Сондықтан шенділердің шарасыздығы мен салғырттығы, қылмысқа пара-пар әрекетсiздiгi көпшіліктің наразылығын тудырғаны заңдылық. Әйтсе де, тұтас ауылды топан судың астында қалдырып, 45 адамның өліміне себепші болған апатқа айыпты деп танылған су қоймасының иесі, оның орынбасары және ауыл әкімі бар-жоғы бес-ақ жылға сотталды. Қалғаны жауаптан құтылды.

2014 жылдың 31 наурызында болған Көкпектідегі апаттан соң төтеншеліктерге іші жылымайтындардың қатары бұрынғыдан бетер артты. Қарағанды облысы, Көкпекті ауылындағы су қоймасының бөгетін су шайып, бір түнде 300-ге тарта үй су астында қалған еді. Төтенше жағдай бес адамның өмірін қиып кетті. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментіне Көкпекті су қоймасының бөгетін су шаю қаупі туралы ақпарат күні бұрын келіп түскен. Олар төнген қауіптің алдын алу үшін Көкпекті ауылы мен Қарағанды қаласына жақын орналасқан Сұрыптау елді мекенінің өзен арнасына жақын тұратын 300-ге тарта тұрғынды эвокуациялау жұмыстары жүргізілгенін алға тартқан болатын. Алайда оқиға туралы ести сала, түн ортасында Көкпекті мен Сұрыптау кентіне жол тартқан тілшілер Сұрыптау кентінің өзен арнасына жақын көшелерінде дабыл апаттан кейін ғана қағылғанын хабарлады.

2015 жылдың көктеміндегі еліміздің бірнеше аймағын әбігерге салған су тасқынының зардабы да аз болған жоқ. Қызыл су бес облыстағы 7 қаланы, 26 аудандағы 88 елді мекенді басып қалды. 3067 үйді су шайып, олардың 198-і қиратылды. Автожолдардың 243 аумағы мен 20 көпірді су басып, төтенше жағдай аумағынан 18 мыңнан астам адам көшірілді. Апаттың жалпы шығыны 20 миллиард теңгені құрады. Бұл жолы да апаттың айыбы ақталуға тілі жоқ табиғатқа артылды. Көктем шыққанда жердің тоңы жібіп, дариялардағы су деңгейі артатынын біле тұра, ауыл-аймақты шайып кеткен қызыл судың себебін «ауа райының тосын мінезі» деп қашанғы айдарламақпыз?

Алайда 2015 шілде айында Қарғалы өзенінің арнасынан тасуын табиғи апат деуге төтенше жағдайға жауаптылардың аузы бармады. Табиғаттың мұндағы бар «жазығы» – шілде айы болған соң шіліңгір түсіп, ыстық буды. Бұл оңтүстіктің жазы үшін қалыпты жағдай болғандықтан Төтенше жағдайлар комитеті әрдайым дайын болуы тиіс еді. Қызылағаш пен Көкпекті апатынан соң шенеуніктер еліміздегі барлық бөгендердің қауіпсіздігін тексеріп, болуы ықтимал тосын жайттардың алды алуы керек еді. Тағы да «білместікке» жол берді.

Сол жылы шiлденiң 23-i күнi алакеуiмде Алматы қаласының Наурызбай ауданын сел шайып кеттi. Селден қаланың үш ауданындағы 450-ден астам үй зардап шегiп, оның он шақтысы жарамсыз болып қалды. 44 көшенi су басып, 32 көлiктi ағызып әкетті. Қатты дүрліккен мегаполис жұртшылығының біразы үйлерін тастап, тауға қарай қашқан еді.

Кезінде апат атаулыға айыпталатын Владимир Божко басшылықтан кеткен соң төтеншеліктерге деген көзқарас түзелді дей алмаймыз. Көктем келсе, бойларын үрейлей билейтін жұрт қауіпсіздікке кепіл болуы тиіс органдардың жұмысына әлі де сенімсіздікпен қарайды. Селкеу түскен сенімді қалыпқа келтіру үшін олар биылғы көктемнің сынағынан сүрінбей өтуі тиіс. Қаупі көп мезгілді апатсыз, мал-жан шығынысыз өткерсек игі.

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
abay

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде...
mycollages 21

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің...
kitap

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік»...

Жаңалықтар

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді еліміздегі мұғалімдер конкурстық негізде жұмысқа алынатын болады

Еліміздегі мемлекеттік білім беру мекемелеріне педагогтердің конкурстық қабылдауын енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. "Енді педагог жұмысқа...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...