Оқушыларымыз халықаралық чемпионатта рекорд орнатты

Үш күнге созылған жарыс қоры­тын­дысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, ре­корд орнатты.

Оқушыларымыз халықаралық чемпионатта рекорд орнатты
Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен First Lego League Challenge халықаралық чемпионатында рекорд орнатты. Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Индонезия және Қытайдан келген 100-ден астам оқушы қатысқан аталған сайыста оқушыларымыз әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсті.

Үш күнге созылған жарыс қоры­тын­дысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, ре­корд орнатты.  
«Роботтар ойынында тапқырлық та­нытып қана қоймай, команданың ұйымшылдығын, негізгі құндылық­та­рын таныту керек болды. Біз иннова­ция­лық жобамызды көрсеттік. Бұл кере­мет тәжірибе болды, еліміздің біз­ге үміт артып отырғанын білгендік­тен, жеңіс үшін бар күш-жігерімізді салдық. Нәтижесінде, әлемнің озық елдерінің арасынан суырылып шы­ғып, рекорд орнаттық», – дейді қуаны­шы қойнына сыймаған оқушылар.
Ел намысын қорғаған Ro alemi ко­­­­­ма­ндасының құрамында Семей қа­ласының Білім-инновация және №22 орта мектебінің оқушылары Арыстан Ибрагим, Жанарыс Ардахов, Дархан Мамадилов, Айдмұхамед Табараков, Әділжан Қабыкенов, Азат Сапаралы және Жәнібек Әбдікәрімовтар бар. Олар чемпионатта максимум 550 ұпай­­дың 540-ын жинап, рекорд ор­натты. Онымен қоса, жас өрендеріміз Robot Design номинациясын жеңіп ал­ды. Сонымен қатар, барлық төрт ба­ғыт бойынша жоғары нәтиже көр­сет­кені үшін Champions Award но­минациясы бойынша бас жүлдені қан­жы­ғалады.
Сондай-ақ қазақстандық Tamos Éducation мектебі QSTEM-TAMOS Stars ко­мандасының құрамында өнер көр­сеткен Мадияр Намазалы, Нұрәлі Са­тыбалды, Рашид Ахмеджанов және Аң­сар Баязеров чемпионаттың бар­лық төрт бағыты бойынша жоғары көр­­­сеткіштерге қол жеткізіп, Champions Award номинациясы бойынша I орын алды.
Атырау қаласының Білім-инно­ва­ция лицейінің оқушылары Pioneers командасының құрамында Мәлік Ис­лам, Нұрислам Берікұлы, Бекасыл Нұрым­жан, Ерасыл Нұрымжан, Алмаз Абзал, Алмас Ерланұлы, Алдияр Ша­мар және Әлішер Данилов өнер көр­сетті. Олар инновациялық жобаны та­бысты жүзеге асырғаны үшін Innovation Project номинациясының фи­налистері атанды.
Еске сала кетейік, оқушылар атал­ған халықаралық чемпионатқа жол­даманы Оқу-ағарту министр­лігінің қолдауымен Дарын РҒПО және USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдас­тыр­ған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында жеңіп алған бола­тын.