Құрдымға апарар жол

Елімізде кәмелет жасқа тол­ма­ған балалардың лудоманияға шал­ды­ғуы туралы ресми дерек жоқ. Алай­­да бейресми деректерде бәс ті­­ге­­тін «ойынпаз» балалардың кө­бейіп келе жатқаны туралы айты­ла­ды. Мамандар кәмелет жасына тол­мағандар компьютерлік, мо­биль­ді онлайн-ойындарға әуес еке­нін айтып дабыл қағып отыр.

Құрдымға апарар жол
сурет: ru.freepik.com
1007

Қоғамда құмар ойынға тәуелділер саны күн сайын көбейіп отыр. Құрдымға кеткен ойыншылар тек өзіне ғана емес, отбасына, айналасына, қоғамға зиянын тигізіп жатыр. Бұл мәселе тіпті Президент төрағалы­ғы­мен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тал­қыланған еді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лудомания мәсе­ле­сін жақында өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ат­ты Ұлт­тық құрылтайда да кө­тер­ген болатын. 
– Лудомания, яғни құмарпаз-дық – қауіпті кеселдің бірі. Кейбір мә­ліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кең­се­лер мен казинолардың тұрақты клиен­ті. Бұл – тұтас бір қаланың ха­лық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қа­тер. Соның кесірінен талай шаңы­­­рақ шайқалды. Талай азамат заң бұ­­зып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жа­тады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үл­­кен зиян келтіреді. Онлайн-ойын­­­­­дар балалардың күнделікті ер­­мегіне айналып барады, – деді Мем­­лекет басшысы.
Елімізде кәмелет жасқа тол­ма­ған балалардың лудоманияға шал­ды­ғуы туралы ресми дерек жоқ. Алай­­да бейресми деректерде бәс ті­­ге­­тін «ойынпаз» балалардың кө­бейіп келе жатқаны туралы айты­ла­ды. Мамандар кәмелет жасына тол­мағандар компьютерлік, мо­биль­ді онлайн-ойындарға әуес еке­нін айтып дабыл қағып отыр. Гад­жет­ке «байлаулы» балалар интер­нет­тегі түрлі ойындарға тәуелді. Егер ата-аналар балаларының ойын­­­­­ға әуес­тігін байқап, қадағалап, алдын ал­маса, болашақта олардың лудо­ман болу қаупі де жоғары. АҚШ-тың құмар ойындар мәселелерімен күрес жөніндегі ұйымы жүргізген зерт­теуге сүйенсек, әлемдегі кез кел­ген қала тұрғынының аяқ асты­нан қылмыскерге айналуы – 6 пайыз, маскүнемге айналуы – 34 пайыз, нашақорлыққа салынуы 32 пайыз­ды көрсетсе, ойынқұмар болуы 48 пайызға жетеді екен. Бір алаң­­датарлығы, бұл көрсеткіш жыл­дан-жылға өсіп бара жатыр дей­­ді ұйым қызметкерлері. Ал біз­дің елімізде құмар ойын құрдымына түс­кендер санының артуы елімізде ар­найы заң жобасының дайын­далуы­на түрткі болды.
– Құзырлы органдар былтыр ин­тернет-казиноның белгісі бар 4 мың­нан астам сайтты бұғаттады. Біз нашақорлыққа және есірткі биз­не­сіне қарсы күресу үшін кешенді жос­­пар қабылдадық. Үкімет лудо­ма­ниямен күреске қатысты дәл сон­дай жоспар қабылдауы керек. Құ­марпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «AMANAT» партиясы Фрак­­­­­циясының бастамасымен осы мә­селе бойынша тиісті заң жобасы әзір­ленді. Парламентте қаралып жат­қан сол жобаны осы сессияның соңы­на дейін қабылдау қажет. Біз жас­тардың құмар ойынға салынып, ар­зан табысқа ұмтылуына жол бер­меуі­міз керек. Адал еңбекпен тап­қан табыс қана берекелі болады, – де­ген болатын Президент.  
Осы аптада Парламент Мәжі­лі­сін­де «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және ло­те­рея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Атал­ған заң «Әкімшілік құқықбұзу­шы­­лық туралы» Кодекске ілеспе тү­­зетулермен бірге азаматтарды құ­­мар ойындарға және бәс тігуге қа­­­тысудан қорғау, сондай-ақ жа­ғым­­сыз құбылыстардың алдын алу мақ­сатында Парламент депутат­тары­ның бастамасымен әзірленген. Жаңа жоба құмар ойынның әлеу­мет­тік, экономикалық және құқық­тық салдарының алдын алуды көз­­­дейді. 
– Құмар ойынның былайша етек алып кетуіне оның ешбір те­жеу­­сіз жарнамалануы да әсер етіп отыр. Букмекерлік кеңселер жар­на­ма­ға қомақты қаражат жұмсап жа­­­­тыр. Телеарналар, ресми ин­тер­нет сайттар, Youtube арналары, Тik-tok, Instagram, Telegram сияқты әлеу­меттік желілерде букмекерлік кең­селердің жарнамасы толып жүр. Со­нымен қатар кейбір қоғамдық пі­кір көшбасшылары, белгілі бло­гер­лер, медиа жұлдыздар да осы зиян­ды құбылысты жарнамалап жүр­генін білеміз. Ұсынылып отыр­ған заңда құмар ойынды жар­на­ма­лау­ға да тыйым қарастырылған. Ен­ді осы заң жобасын тағы да жан-жақ­ты пысықтап, тез арада қабыл­дауы­мыз керек», – деді Мәжіліс депу­таты Елнұр Бейсенбаев.
Жаңа заң қабылданса, заңды тұл­ғалар рұқсат етілген жасқа тол­ма­ған адамдарды құмар ойынға тарт­қаны үшін әкімшілік жауап­кер­ші­лікке, сондай-ақ онлайн-казино ұйым­дастырғаны үшін қылмыстық жа­заға тартылады. Көшелерде, ин­тер­нетте және бұқаралық ақпарат құ­ралдарында букмекерлік кеңсе­лер мен тотализаторлардың жар­на­ма­сын орналастыруға және тара­ту­ға қойылатын талаптар да қатаң­да­ты­лып отыр. Алимент, салық және не­сие бойынша борышкерлер тізі­лі­мінде тұрған жеке тұлғалардың құ­мар ойын ойнауына тыйым салу да қарастырылған. 
Сонымен қатар тұрғын үйлерде, дү­кендерде, медициналық және бі­лім беру мекемелеріне лото­ма­ти­ка­лық машиналарды әкелуге және ор­натуға тыйым салынады. Енді тек 25 жасқа толғандар ғана құмар ойын­ға қатыса алады. Сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар өз ақпараттық-қаржылық жүйе­ле­рін мемлекеттік кірістер органдары­ның аппараттық кешенімен бірік­тіруі керек. Осылайша, мемлекет бар­лық қаржылық операцияны ба­қы­лап отырады. Жалпы, құмар ойынға байланысты 2 Кодекске жә­не 7 заңға 50-ден астам түзетулер дайын­далған. 
Құмар ойынды мүлдем шектеу әзір­ге мүмкін емес. Мәселені шешу ке­шенді тәсілді қажет етеді. Ал ке­шен­ді тәсіл кеселдің салдарымен емес, себептерімен күресуден тұра­ды. Қай мәселенің болсын, алдын алу шаралары арзанға түскен. 
Әдетте, «ойынпаздар» тәуелді болу­дың ауру екенін білмейді, білсе де мойындай қоймайды. Өзінің тәуел­ділігінің себебіне үңілуден бас тар­татындар да жиі кездеседі.  
– Бұл кесел маскүнемдік, есірт­кі­ге тәуелділік секілді адам ағзасына аса қауіпті болмағанымен, жанын, іш­кі дүниесін жаралайды.  Ал жан жа­расы тән ауруына қарағанда жиыр­ма есе қатты болады. Яғни, оны емдеу үшін айтарлықтай көп уа­қыт пен күш-жігер қажет. Лудо­ма­нияның астарында өзін уысынан шы­ғармай тәрбиелеген ата-анаға де­ген қарсылық жатыр. Ата-анасы тым қатал болып, көп тыйым сал­ған болса, бала құмар ойынға са­лы­ну арқылы оларды жазалайды. Сон­дай-ақ осылайша ол өмірінің тіз­гінін өз қолына алдым деп ой­лай­ды, – дейді Орталық Азия пси­хоа­нализ институтының дирек­то­ры, психоаналитик Анна Құдия­рова.
 

Серіктес жаңалықтары