Павлодар облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

/
Павлодар облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды
istockphoto

Екібастұзда полицейлер хабар-ошарсыз кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

"Қала аудандарының бірін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары бағдарын жоғалтқан ер адамды байқайды. Тексеру барысында оның іздеуде жүргені анықталған", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, дәрігерлер тексеріс жүргізді. Кейін ер адам қалалық орталық ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары