ШҚО орманында өрт шықты: өртті сөндіруге авиация жұмылдырылды

/
ШҚО орманында өрт шықты: өртті сөндіруге авиация жұмылдырылды
Видеодан скриншот

ШҚО-дағы орманда өрт шықты. Бұқтырма су қоймасындағы Аюда шатқалында бұталар мен ағаштарған өртенген. Бұл туралы ТЖМ хабарлайды.

ТЖМ баспасөз қызметінің дерегінше, орман өртіне ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.

"Өртті сөндіру үшін ТЖМ авиациясының тікұшағы жұмылдырылды. Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен ШҚО ТЖД күштері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты қиындаған", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ашық жану ошақтары жоқ. Ал өртті сөндіруге барлығы әуе кемесімен 7 рет су төгіліп, 21 тонна су құйылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары