Ақтөбе облысында ер адамның мәйіті табылды

/
Ақтөбе облысында ер адамның мәйіті табылды
istockphoto

Ақтөбе облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

3 мамырда Хромтауда ер адамның мәйіті табылған.

"Көпқабатты үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің танысы ұсталып, қамауға алынды", - дейді полиция.

Таныстар бірге алкоголь ішіп отырған кезде жанжал шыққан. Салдарынан күдікті жәбірленушіге пышақ салған. Полиция "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары