Су тасқыны: Құтқаруға 4 мыңнан аса адам, 1300 техника жұмылдырылды

Қар ери бастаса, қызыл су әбігерге түсіретін халық үшін көктемнің келуі қуаныштан бұрын қиындық әкеліп отыр.

Су тасқыны: Құтқаруға 4 мыңнан аса адам, 1300 техника жұмылдырылды
сурет: ТЖМ
796

Қар ери бастаса, қызыл су әбігерге түсіретін халық үшін көктемнің келуі қуаныштан бұрын қиындық әкеліп отыр. Биыл су алған елді мекендер мен ауылдар, су шайған тасжолдар мен теміржолдар жылдағыдан айтарлықтай көп. Үкімет қаңтардан бері отырыс өткізіп, мәселенің алдын алуға қамданғанымен, жағдай қазір ушығып тұр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Көктемгі су тасқынына қарсы қандай шаралар қолға алынды? Облыстардағы жағдай қалай? 

Қауіп сейілген жоқ – ТЖМ

27 наурызда Бас прокуратурада су тас­қы­ны бойынша барлық мүдделі орган­дар­дың – ТЖМ, ІІМ, Экология министрлігі мен Қазгидромет қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өтті. 
Төтенше жағдайлар министрлігі қазір­гі жағдайды баяндап берді. Министрлік өкілінің айтуынша, Ақмола, Ақтөбе, Шы­ғыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, сон­дай-ақ Абай, Ұлытау облыстары қиын жағ­дайда тұр. Қостанай облысында су тас­қы­нына байланысты Арқалық, Амангелді, Жан­гелдин аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Бұған дейін Орал қаласында тө­тенше жағдай режимі енгізілген. Рес­пуб­ликалық және 12 облыстық штаб ашылған. Се­нім телефоны жұмыс істеп тұр және тәу­лік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. 
Жергілікті әкімдіктер, полиция және тө­тенше жағдайлар органдары су басқан ны­сандарды сорып алу және хабар­ла­ма­лар­ды қалпына келтіру бойынша шұғыл жұ­мыстар жүргізуде. 
28 наурыз күнгі жағдай бойынша, елі­міз бойынша 297 тұрғын үй су астында қал­ған. Республика бойынша 100-ден ас­там тасқын тіркелген, 18 жолды су шайып кет­кен, екі көпір бұзылған. Өткен тәулікте су басқан аймақтардан 1 431 адам эвакуа­ция­­­­ланған, 312-сі – бала. Кейбір аумақта тұр­ғындар қауіпсіз жерге тікұшақпен жет­кізілген. Құтқару-іздеу жұмыстарына 4 мың­нан астам адам, 1300 техника жұмыл­ды­рылған.
Батыс Қазақстан облысында аумақтық қор­ғаныс бригадасының жүзден аса әскери қыз­метшісі су басуға қарсы жұмыс жүргізу үшін Орал қаласына барды.
– Қабылданған шараларға қарамастан, осы аймақтарда тұрғын үйлерді, аула ау­мақ­тарын және жертөлелерді су басып жа­тыр. Ауа райының тұрақсыздығын, со­ның ішінде нөсерлі жаңбыр, ауа темпера­тура­сының көтерілуін ескерсек, алдағы күн­дері су басу қаупі сақталады, – деп мә­лім­деді ТЖМ.
Сондықтан кеңесте гидротехникалық құ­рылыстардың жай-күйі, елді мекендерді, жолдар мен көпірлерді инженерлік қорғау, тұр­ғындарды уақтылы эвакуациялауды қам­тамасыз ету, эвакуациялау пункттерінің дайын­дығы, алғашқы медициналық-әлеу­меттік көмек көрсету мәселелері де тал­қы­лан­ды. Халықты ескерту жүйелерінің (си­ре­налар, жергілікті ескерту жүйелері жә­не тағы да басқа) үздіксіз жұмысын қам­­­­­тамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар ау­дарылады.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс про­курорлары мен уәкілетті мемлекеттік ор­ган­дарға бірлесіп тұрғындардан түсетін сигналдарға барынша ден қою және су тас­қынынан зардап шеккен адамдарға кө­мек көрсетуге байланысты жедел шара қа­былдау қажеттігі айтылды.
28 наурызда Төтенше жағдайлар ми­нистрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына бай­ланысты үндеу жасады.
– Кеше республика бойынша су тасқы­ны жағдайының күрделенуіне байланысты ми­нистрліктің барлық бөлімшесі кү­шей­тілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қо­сымша күштер мен құралдар ең күрделі ай­мақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақ­төбе, Қостанай облыстарында жедел же­лі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уа­қыт­та су тасқыны салдарын жою бойынша же­дел ден қоюдың барлық қажетті шара­лары қабылданып жатыр, – деді Шыңғыс Әрінов.

Ешкім көмексіз, назардан тыс қалмайды – Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасын орындау барысымен та­нысу үшін Солтүстік Қазақстан облы­сы­на жұмыс сапарымен барды. СҚО-ға жұмыс са­пары алдында Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірлердің әкімдері мен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің су тас­қыны жағдайын бақылау бойынша жүр­­гізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп­терін тыңдаған болатын.
Премьер-Министр Солтүстік Қазақ­стан облысының әкімдігіне жоспарланған барлық алдын алу іс-шараларын аяқтауды, ал ТЖМ-ға су тасқыны жағдайы ушыққан жағ­дайда күштер мен техниканы жұ­мыл­дыруды тапсырды.
– Өздеріңіз көріп отырғандай, еліміз­дің бірқатар өңірлерінде су деңгейі көте­рі­ліп, су тасқыны орын алды. Барлық күш­­­­тер жұмылдырылды. Республикалық жә­не өңірлік жедел штабтар тәулік бойы жұ­мыс істеуде. Қазіргі таңда Төтенше жағ­дайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министр­лік­тері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ар­наулы күштері мен құралдары – барлығы 4 мыңға жуық адам, 1,3 мыңнан астам тех­ника су тасқынына қарсы жұмыстарға тар­тылды. Жол қатынасы қиын жерлерде ада­мдар тікұшақтармен эвакуациялануда. Жұ­мыстар қауіп толық сейілгенше жал­ғасатын болады. Жағдай қатаң бақылауда. Зардап шеккендерге Үкімет және әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі, – деді Олжас Бектенов. 

Серіктес жаңалықтары