972
Қостанай облысында су басқан елді мекендерден 150 адам эвакуацияланды
150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді.
Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті.
150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.