Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Ливандағы турнирде алтын алды

Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгілер арасында жарыс жеңімпазы атанды.

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Ливандағы турнирде алтын алды
Алан Құрманғалиев. Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан командасы Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде төрт медаль жеңіп алды. 

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгілер арасында жарыс жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ Арнұр Оралханов – Жанерке Көшкімбаева жұбы (19 жасқа дейінгілер), Нұрислам Қасым (17 жасқа дейінгілер) және Нұрдәулет Азаматұлы (13 жасқа дейінгілер) қола жүлдеге ие болды.