бейсенбі, 3 сәуір, 2025

Су тасқыны: Батыс Қазақстанға Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке жіберілді

/
БҚО ТЖД
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке аттанды.

ҚР ТЖ министрлігінен мәлім еткеніндей, көктемгі су тасқынына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Батыс Қазақстанға Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Министрліктің Telegram каналындағы парақшасында жарияланған бейнежазбада маңғыстаулықтарға қызметтерін абыроймен атқарып, елге аман-сау оралу туралы тілек айтылған. Осылайша, аймақтың жедел құтқару тобы Батыс Қазақстан облысына кетті. 

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан ҚР ТЖМ 28237-әскери бөлімінің қызметшілерін тасымалдады. Қосымша күштер Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жоюға бағытталады.

Бөлісу: