Өскеменде әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өскеменде әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты
medicalbusinesschool.com
657

Өскемен қаласында әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісі 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық №2 сотында қаралған істің материалдарынан белгілі болғандай, №6б автобусы Абай даңғылының бойымен келе жатқан. Реттелмеген өткелде жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермей, қағып түсірген. Соның салдарынан әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Сот шешімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының адам өліміне әкеліп соғуы) кінәлі деп танылды.

«Сотталушыға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ оған бес жыл мерзімге көлік айдауға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген сот үкімінде.

 

Серіктес жаңалықтары