Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай?

1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай?
novoetv.kz
1085

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 млрд  теңге жұмсалды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз,- делінген хабарламада.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді, - делінген хабарламада.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Серіктес жаңалықтары