Ақтөбеде ауыл тұрғыны көлігімен бірге суға батып кете жаздады

Оқиға 23 наурыз күні Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі Шеңбертал ауылының жанындағы Пұшыған өткелінде болды.

Ақтөбеде ауыл тұрғыны көлігімен бірге суға батып кете жаздады
Скриншот
1152

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылындағы өткелден өтпек болған көлік иесімен бірге суға ағып кетуге шақ қалды. Оны шығаруға трактор қажет болды, деп хабаралады turjystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға 23 наурыз күні Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі Шеңбертал ауылының жанындағы Пұшыған өткелінде болды.

Видеодан жеңіл көліктің өткел жағасына келіп, тоқтап қалғанын көруге болады. Қатты ағыс кезінде адам емес, техника күші қажет болды.

- Видеодағы көлік - Құрылыс ауылы тұрғынының көлігі. Өткелден өтпек болған көлік жағаға жақындағанда тұрып қалған. Қосымша техниканың күшімен судан шығарылды. Адам аман, елді мекенге қауіп жоқ. Ырғыз ауданының әкімдігі және ауылдық округі әкімшілігі қар еріп, су келер уақытта алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізді, су тасқынының қауіпті екенін айтып келеді. Алайда көліктің суда қалуы тұрғынның ескертуге құлақ аспағандығынан туындап отыр. Сондықтан, барлық азаматтан ескертуге бей-жай қарамауды сұраймыз. Қазіргі таңда барлық өзен жағалауы бақылауда,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары