Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген

Көпшіліктің қатысуымен өткен мерекелік шаралар Наурызнамның 10 күнге созылған басты оқиғалары болды

Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген
"Бурабай даму" ЖШС баспасөз қызметі

Бурабай курортында ҚР Президентінің Іс басқармасы "Бурабай даму" ЖШС және Бурабай кентінің әкімшілігі ұйымдастырған мерекелік шараларға 10 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлады turkystan.kz

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, бұл Бурабайға Наурыз мейрамын тойлауға келген бурабайлықтар мен туристердің рекордтық саны.

Курорт тұрғындары мен қонақтары үшін талантты шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама ұсынды.

Жиналғандардың барлығына наурыз көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ арқан тарту, армрестлинг, қой көтеру тәрізді түрлі ұлттық ойындар өткізілді.

Наурыз мейрамы жаңа жылдың, жаңа бастамалардың басталуын білдіреді, бұл ең алдымен жақсылық, бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім мерекесі. Көпшіліктің қатысуымен өткен мерекелік шаралар Наурызнамның 10 күнге созылған басты оқиғалары болды, - деді "Бурабай даму" ЖШС баспасөз қызметінен.