Илон Маск зағиптарға көру қабілетін қайтаратын жаңа жоба бастағанын жариялады. Жоба Blindsight деп аталады. Бұл туралы Илон Маск X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Илон Маск жоба аясында көзбен көретін дүниелерді ми түсінетін импульстарға айналдырып, ешқашан көзі көрмеген адамдарға көру қабілетін сыйлауды жоспарлап отыр.
Жобаның сынақ мерзімі сәтті өткен: импланттар маймылдарда сәтті жұмыс істеген. Илон Маск жақын арада имплантпен көру адамның кәдімгі көру қабілетіне қарағанда жақсырақ болады деп уәде беріп отыр.
