"Битлз" тобының альбомы 5 мың еуроға бағаланды

Винил 1963 жылы шыққан альбомның алғашқы түпнұсқа шығарылымының бірі екені анықталған.

"Битлз" тобының альбомы 5 мың еуроға бағаланды
сурет: euronews.com / David Mouriquand

Қайырымдылық дүкенінен табылған "Битлз" тобының сирек кездесетін альбомы 5 мың еуроға бағаланды, бұл туралы euronews.com жазды.

"Битлз" альбомдары коллекциялайтын заттарға айналды және олардың көбісі сұранысқа ие. Лондондағы қайырымдылық дүкенде жұмыс істейтін менеджер топтың өте сирек кездесетін альбомын тапқан. Бастапқыда ол альбомның құны жүздеген фунт стерлинг деп ойлайды. 

Әрі қарай тексергеннен кейін, винил 1963 жылы шыққан альбомның алғашқы түпнұсқа шығарылымының бірі екені анықталған. Сонымен қатар бұл альбом 1963 жылы шектеулі дана ғана шығарылған. 

Бастапқыда eBay-ге 1,499.99 фунт стерлингке (1,755.31 еуро) шығарылған альбом 4 211,89 фунт стерлингке (4 928,33 еуро) сатылған.