Байқоңырда қызы туған әкесін сотқа берді

/
Байқоңырда қызы туған әкесін сотқа берді
pexels.com

Қызылорда облысында кәмелетке толған қыз әкесінен материалдық көмек талап етіп, сотқа жүгінді. Іс Байқоңыр қалалық сотында қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, талап қоюшы күндізгі бөлімде білім алып жүргенін және материалдық көмекке мұқтаж екенін көрсеткен. Сондай-ақ әкесімен алимент төлеу жөнінде келісім болмағанын айтқан.

Осыған байланысты ол 21 жасқа толғанға дейін әкесінен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Сот барысында тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу мүмкіндігі түсіндірілді. Нәтижесінде әкесі мен қызы партисипативтік рәсім тәртібімен келісімге келген.

Келісім бойынша жауапкер қызы 21 жасқа толғанға дейін ай сайын белгіленген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелді.

Сот тараптар арасындағы келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары