Елордада киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті

Игі іс-шара республика көлемінде жалғасы табады.

Елордада киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті
elorda.info/
785

Елордада киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті. Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын іс-шараға қатысқандардың қөрасы көп, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, әсіресе, оқушылар мен студенттер қызығушылық танытуда. Этнограф мамандар жиналғандарға киіз үйді тігудің дұрыс техникасы мен ерекшеліктерін толық айтып берді.

Сондай-ақ әр заттың мән мағынасы мен тарихына тереңінен тоқталды. Ұйымдастырушылар игі іс-шара республика көлемінде жалғасы табады деп отыр.

«Уық қалай шаншылады? Кереге қалай керіледі? Есікті қалай таңып байлаймыз? Үзікті, жабдықты, туырлықты қалай? Біздің балалар кітаптан көріп жүргені болмаса, өмірде көрмеген. Сондықтан алғаш рет шеберлік сыныбын өткіздік. Ұлтымызға қызмет ету үшін, адал болу үшін біздер жастарға, балаларымызға жұмыс істеуіміз керек», – деді Түркі академиясының ғылыми сарапшысы Ақеділ Тойшанұлы.

Серіктес жаңалықтары