Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте өткен турнирде жеңімпаз атанды

Бұл – оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте өткен турнирде жеңімпаз атанды
qaz_olympics

Қазақстандық Диас Жиренбаев мәнерлеп сырғанаудан Люксембургте өткен Coupe du Printemps халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қос бағдарлама қорытындысында Диас 211.76 ұпай жинады.

Бұл – оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші. Осыған дейін 20 жастағы Д.Жиренбаев ең жоғары 195.88 ұпайын 2024 жылы Қытайда өткен төрт құрлықтың чемпионатында жинаған еді. 

Люксембург жарысында франциялық Корентин Спинар (190.50 ұпай) күміс жүлдеге ие болса, испаниялық Пабло Гарсия (178.38) үздік үштікті түйіндеді.