Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Мәлімет бойынша, Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін, 16 наурызда «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 733-шақырымында жеңіл және жүк көліктері соқтығысты. Мәлімет бойынша, Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуін Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді.