Әлем чемпионаты: Денис Никиша шорт-тректен күміс жүлде иеленді

Ол 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды

Әлем чемпионаты: Денис Никиша шорт-тректен күміс жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық спортшы Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Қытайлық Сяоцзюнь Лин 41.592 көрсеткішпен әлем чемпионы болса, канадалық Джордан Пьер-Жиль (52.289) үздік үштікті аяқтады.