Астана халықаралық әуежайы түнде жұмыс істемейді

Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі

Астана халықаралық әуежайы түнде жұмыс істемейді
egemen.kz

Мұндай өзгеріс Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.