Тоғыз ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Жоғалған адамның туыстары Эдуардты еңбек құлдығына алып кетуі мүмкін деген болжам жасады.
2023 жылғы жазда Алматы облысының Қарасай ауданында хабар-ошарсыз кеткен ер адам тоғыз айдан кейін өлі күйінде табылды. LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында осылай деп мәлімдеді.
1989 жылы туған Куколев Эдуард Юрьевич 2023 жылғы 20 маусымда жоғалып кетті. Сол күні кешке ол Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 5а мекенжайындағы жұмысынан шыққан.
Туыстарының айтуынша, ер адам әдеттегідей таңертең Мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне жұмысқа кеткен. Бұл ұйымда Эдуард қара жұмысшы болды. Кешке қарай ол шаруасын аяқтап, үйіне бармақ болып жүргізушіні күтіп тұрады. Отбасы оны кешкі асқа күтті. Бірақ ол сол күйі туыстарына оралмады.
"Менің ұлым үйге асыққан еді, өйткені сол күні әжесінің туған күні болатын. Ол үйге тезірек жеткісі келді, бірақ жете алмады. Ол жұмыс киімімен жоғалып кетті", – деді Эдуардтың анасы Марина Куколева.
Жоғалған адамның туыстары Эдуардты еңбек құлдығына алып кетуі мүмкін деген болжам жасады.
Еріктілердің сөзінше, ер адам 13 наурызда Қарасай ауданындағы бес метрлік септиктен табылған. Сараптама оның өліміне не себеп болғанын анықтайды.