Психикалық саулықты сақтау үшін: Тайваньда оқушыларға қосымша демалыс алуға рұқсат берілді

Елдің Білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, мектеп оқушыларының күйзеліске, соның ішінде олардың 25%-ы ауыр депрессияға ұшырағаны анықталған.

Психикалық саулықты сақтау үшін: Тайваньда оқушыларға қосымша демалыс алуға рұқсат берілді
сурет: estudy.ru

Тайваньдағы мектеп оқушылары психологиялық денсаулығын сақтау үшін әр тоқсанда 3 күн демалыс ала алады. Бұл туралы focustaiwan.tw жазды.

Елдің Білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, мектеп оқушыларының күйзеліске, соның ішінде олардың 25%-ы ауыр депрессияға ұшырағаны анықталған. 3 негізгі стресс факторы - оқу (77%), болашақ туралы ойлар (67%), қарым-қатынас (43%).

Орта мектеп оқушылары мен кәсіптік лицей оқушыларының көпшілігі әлі де кәмелетке толмағандықтан, олар осы психикалық денсаулық демалысына өтініш беру үшін ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімін растайтын құжатты ұсынуы керек, делінген хабарламада.