643
Елорда тұрғыны заңсыз жолмен 342,8 млн теңге пайда тапқан
Табыс мемлекет пайдасына өндірілді.
Елордада тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
«Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған», – делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.
Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді.