1014
Шымкент тұрғыны 443 млн теңге салықтан жалтарған
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Шымкент тұрғыны жұмысын нақты орындамай әрі тиісті қызмет көрсетпей жалған шот-фактуралар жазып бере беру арқылы мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, салық төлеуден қашқан.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді.
Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген, - делінген хабарламада.
Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.