Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті

Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27

Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті
Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті. Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27.

Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі.