Астаналық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды

Акция жыл сайын өткізіледі.

Астаналық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды
Астана әкімдігі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шоколадтармен қуантуда, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтыны сілтеме жасап.

Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шоколадтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.

«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.

«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» - деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.