Алматы облысында ер адам төртінші қабаттан секірмекші болған

Көршілердің айтуынша, 35 жасар азамат ішімдік ішіп, пәтерде шу шығарған.

Алматы облысында ер адам төртінші қабаттан секірмекші болған
stan.kz
621

Алматы облысында 35 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп кетпекші болды. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері құтқарып үлгерді. Бұл туралы turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға бүгін шамамен сағат түнгі 00:55-те Алматы облысы Талғар қаласының жатақханаларының бірінде болған. 

Оқиға орнына дереу төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тарапынан бірден өмір кубы ашылып, жарық мұнарасы орнатылды. Қабылданған шаралармен жатақхананың төртінші қабатынан өз-өзіне қол жұмасамақ болған 1989 жылы туған азамат құтқарылған.

«Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ РЖҚЖ 5 қызметкері және  1 техникасы, аудандық полиция басқармасының 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты», – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпарат бойынша бұл іс-әрекетке отбасындағы жанжал себеп болған. Құтқарылған адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді. Көршілердің айтуынша, 35 жасар азамат ішімдік ішіп, пәтерде шу шығарған.

Серіктес жаңалықтары