Күрделі ота жасатқан Сәбит Әбдіхалықов қазіргі жағдайын айтты

Өнер иесі екі аптадай ауруханада жатқан.

Күрделі ота жасатқан Сәбит Әбдіхалықов қазіргі жағдайын айтты
Сәбит Әбдіхалықов. Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov

Белгілі актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов оншақты күн бұрын жүрегіне күрделі ота жасатты. Өнер иесі «ХабарLike» бағдарламасында қазіргі жағдайын айтып, бөлісті

«2016 жылы инфаркт алғанмын. Содан кейін жүрегімнің жағдайы дұрыс болмады. Жүрегіме ота жасап, жаңа тамыр салды. Аллаға шүкір! Бір алланың қолында. Екі апта енді болды. Жақсы, шүкір. Ниеттеріңізге рахмет!

Біздің Қазақстанда кардиология жақсы дамыған. Қазақстанның біраз қаласында кардиология бөлімінде жаттым. Жүрегіме 5 стенд қойдырдым», - деді Сәбит Әбдіхалықов.