926
Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге ескерткіш орнатылады
Ескерткіштің жобасын қаза тапқан кеншілердің жақындары таныстырды
Қарағандыда 2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46 кеншінің құрметіне ескерткіш орнатылады, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
Ескерткіштің жобасын қаза тапқан кеншілердің жақындары таныстырды. Талқылау барысында олар өз ұсыныстарын да айта алды.
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу өткізді. Біздің компания монумент салуға қаражат бөлу туралы түбегейлі шешім қабылдады, - деді "Qarmet" ақ еңбек қатынастары жөніндегі директоры Ерболат Дүйсіпов.
Мемориалдың жобасын әйгілі мүсінші Игорь Баграмов ұсынды.
Қазір біз макет, жоба, эскиздер ұсындық. Оның қай жерде орнатылатыны талқылануда, - деп түсіндірді Баграмов.