2648
Түркістанда қыздар арасындағы жанжалдан кейін оқушы 3-қабаттан секіріп кеткен
Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр
Түркістан облысында 8 сынып оқитын қыз бала 3 қабаттан секіріп кетті, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Оқиға Келес ауданындағы О.Есімов атындағы мектепте болған.
Қыз бала сыныптастарымен жанжалдасып қалған болуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Оқушы қыз ауруханаға жеткізілді. Оған медициналық көмектен бөлек, психологиялық көмек те көрсетіледі.