767
Оралда ер адамның денесі табылды
Оқиға Оралда 28 ақпан күні болды.
Орал қаласында бүгін таңмен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 ақпан күні «Жеңіс көшесі, 5» мекенжайда орналасқан «Жайық самалы» ғимараты маңында болды.
«Шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасады», – деп хабарлады ведомстводан.