«Қола медалімді бауырыма арнаймын»: Исхар Курбаев әлем чемпионатынан кейін жан сырын ақтарды

/
«Қола медалімді бауырыма арнаймын»: Исхар Курбаев әлем чемпионатынан кейін жан сырын ақтарды
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз жарыстан кейін берген сұхбатында қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтып, отбасында болған қайғылы оқиғаға тоқталды.

"Осындай қолдауды сезе тұрып, жеңіліп қалу қиын екен. Сондықтан маған қолдау көрсеткен барша жанға алғысымды білдіремін.

55 келіде күресу үшін салмақ тастадым. Алға қойған басты мақсатым - алтын медаль алу еді. Дегенмен қола медаль бұйырып тұр екен.

Алғашында сегіз келі салмақты қалай тастаймын деп алаңдадым. Өйткені бұл бір-екі айда атқарылатын жұмыс емес. Жыл басынан бері көп еңбек еттік.

Негізі, бұған дейін 60 келіде күресіп жүрдім. Алайда әлем чемпионаты өз елімізде өтетін болғандықтан, шынымды айтсам, 55 келіде мүмкіндік көбірек болды.

Жартылай финалда тактикалық тұрғыдан қателік жол беріп, қарсыласыма есе жібердім.

Өкінішке қарай, осы жарысқа аз уақыт қалғанда Жігер есімді бауырым, бөлем дүниеден өтті. Оның менің жеңісімді көре алмай кеткені өте өкінішті. Осы қола медалімді бауырыма арнаймын", - деді Курбаев

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары